Қазіргі таңда Қазақстанның туристік нарығында елге келушілерді (шетелдік туристерді), сондай-ақ ішкі туристерді барлық қажетті ақпаратпен және контентпен толық көлемде қамтамасыз ете алатын қандай да бір кешенді және интеграцияланған қосымша немесе платформа жоқтың қасы. Негізінен, Қазақстандағы туроператорлар іс жүзінде бір-біріне ұқсас турпакеттер ұсынады (көбінесе аса танымал туристік нысандарға бару).
Сонымен қатар, инновациялық және креативті шешімдер арқылы ұсыныстар ауқымын кеңейту мен ақпаратқа қолжетімділікті арттыру қажеттілігі артып келеді, бұл қайталанатын сапарлар мен келулер санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сондықтан, өңірге келушілерді барлық қажетті ақпаратпен, оның ішінде туристік объектілердің орналасуымен, қызмет сипаттамасымен және жергілікті жерлерде көрсетілетін қызметтер тізбесімен қамтамасыз ету үшін біз цифрлық платформалар түрінде ақпараттық инфрақұрылым әзірлеудеміз және олар келесілерден тұрады:
Интерактивті туристік портал
«TOURISMKAZ» мобильді қосымшасы (туристік қызметтерді жеткізушілер үшін де, тұтынушылар (туристер) үшін де әзірленеді)
Туристік объектілердің QR кодтары
3D панорамалық турлар
Интерактивті карталар және т.б.
Бұл үшін туристік қызығушылық объектілері мен субъектілері (қонақ үйлер, мұражайлар, МҰТП, экскурсоводтар және т.б.) интернет-ортаға тартылатын болады, бұл осы объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Аталған цифрлық платформалар шетелдік және ішкі туристер арасында қазақстандық туристік өнімге деген танымалдылық пен адалдықты арттыруға бағытталған мобильді қосымшалар мен веб-порталдың бірыңғай жүйесіне айналады. Жүйе сондай-ақ жеке бизнес-процестерді оңтайландыруға және автоматтандыруға, туристік бизнес иелері үшін пайданы ұлғайтуға, бағалау мен рейтинг жүйесі арқылы нарықты мониторингілеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жүйе отандық туристік субагенттерді, оның ішінде туристік қызметтер көрсететін кейбір шаруа қожалықтарын біріктіретін туристік қызметтерді дамытуға және кеңейтуге ықпал ететін болады.
Бұдан басқа, жоба SMM ілгерілету құралдарын, сондай-ақ жоба шеңберінде әзірленетін жоғарыда аталған цифрлық платформаларды қолдану арқылы қазақстандық туризмді танымал етуге бағытталған.
Осылайша, осы жоба ресми веб-сайт, мобильді қосымшалар және басқа да ақпараттық ресурстар арқылы жұмыс істейтін туристік қызметтерді тіркеудің және жүзеге асырудың бірлескен порталы нысанында интеграцияланған цифрлық жүйені құруға бағытталған.
Жоба ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант беру шеңберінде «Ғылым қоры» АҚ қаржылық қолдауымен іске асырылуда.