677415 адам
166844.0 км²
солтүстігінде – Алтай өлкесімен және Алтай Республикасымен; шығысында – Шығыс Қазақстан облысымен; оңтүстігінде – Жетісу облысымен; оңтүстік-батысында – Ұлытау облысымен; батысында – Қарағанды облысымен; солтүстік-батысында – Павлодар облысымен.
Семей қаласы 350201 адам
Сипаттама:
Абай ауданының тарихы ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғынан басталады. Ауданның алғашқы ірге тасы 1927 жылы қаланып, оған Бұғылы, Шаған, Шыңғыс, Қызыладыр, Мұқыр болыстары біріктіріліп, 1928 жылдың қаңтар айында Заңды күшіне еніп Шыңғыстау ауданы деп аталған. Аудан Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік батысына орналасқан. Аумағы – 20 мың шаршы км. Ауданның әкімшілік орталығы – Қарауыл селосы. Құрамында 9 ауылдық округ бар: Қарауыл, Архат, Көкбай, Құндызды, Саржал, Тоқтамыс. Аудан экономикасының негізгі бағыты – мал шаруашылығы.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Аягөз ауданы 1928 жылы құрылды. Әкімшілік орталығы Аягөз қаласы статусын 1937 жылы алды. Жер көлемі 49558,03 шаршы километр. Аягөз ауданы облыстың оңтүстік жағында орналасқан. Батыста – Қарағанды облысымен, оңтүстікте – Алматы облысымен, солтүстікте – Абай, Жарма аудандарымен, шығыста - Үржар және Тарбағатай аудандарымен шекараласады. Аудан орталығы Аягөз қаласы Түркістан-Сібір магистралі теміржолының ірі бөлігімен, автомобиль жолдарының маңызды қиылысқан жерлерінде орналасқан. Ауданда 21 селолық және 1 кенттік округ бар. Аудан экономикасында алдыңғы орынды теміржол мекемелері, энергетика, жылу, қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, сауда және коммуналдық шаруашылық иеленеді.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Бесқарағай ауданы – Шығыс Қазақстан облысының 19 аумақтық бірліктерінің бірі, облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан аудан болып саналады. Әкімшікліктік бірлік ретінде 1926 жылы Павлодар облысының құрамында құрылған. Аудан қазіргі уақытта солтүстігінде Ресей Федера-циясының Алтай өлкесінің Углы және Михайловка аудан-дарымен 89 ұзындықта, батысында Павлодар облысының Лебяжі ауданымен, оңтүстік –батысы Курчатов қаласымен және оңтүстік –шығысы Қазақстан Республикасының Семей қаласымен шекаралас орналасқан. Әкімшіліктік орталығы Большая Владимировка ауылы (Борас). Ауданда 10 селолық округ бар. Аудан ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейді, астық, майлы және бақша дақылдарын өндірумен, сүтті мал шаруашылығымен, халық тұтыну тауарларын, орман шаруашылығы кәсіпорындарының өнімдерін өндірумен айналысады.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Бородулиха ауданы 1944 жылы құрылды. Аудан Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде орналасқан. Бородулиха ауданы солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, шығысында Шемонайха қаласымен, батысында Бесқарағай ауданымен, оңтүстігінде Семей қаласымен шекаралас. Жалпы алаңы – 7,2 мың шаршы метр. Әкімшілік орталығы – Бородулиха селосы. Аудан орталығы облыс орталығынан (Өскемен қаласынан) 200 км. қашықтықта орналасқан, ең жақын темір жолға дейінгі қашықтық 25 км. Ауданның әкімшілік құрамында 18 селолық және 1 кенттік округ бар.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Жарма ауданының іргетасы 1928 жылы қаланған. Ауданның аумағы 22 мың 600 шаршы километрді құрайды. Елді мекендер саны – 54, аумақтық бірліктер - 1 қала, 4 - кент, 17 - ауылдық округтер бар. Өлке табиғаты бай әрі алуан түрлі. Өзен-сулар, көгілдір жоталар, тау шатқалдары әсемдігімен көз тартады. Бұл өңір табиғи байлықтарға да кенде емес, мұнда алтын, қымбат бағалы және әрлеуші тастар, қара мәрмәр, әк тас қоры бар. Аудан аумағы арқылы мемлекеттік мәндегі теміржол желісі, Алматы – Өскемен, Омбы – Майқапшағай автомобиль жолдары өтеді.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Курчатов қаласы - бұрынғы Семей сынақ полигонының орталығы. Негізі 1947 жылы қаланған. Шығыс Қазақстан облысының батысында орналасқан, 11 мың гектар ауданды құрайды. Курчатов қаласының құрамына Курчатов қаласының өзі, Дегелен бекеті (2 км) және Молдары селосы (3-4км) кіреді.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Көкпекті және Самара аудандары біріктірілді. Нәтижесінде, орталығы Көкпекті ауылы болып табылатын Көкпекті ауданы құрылады. Аудан аумағы 14,6 мың шаршы метрді құрайды. Ауданда 18 ауылдық округ, соның ішінде 66 ауыл бар. Аймақ үшін аграрлық сектор іргелі болып табылады, өйткені халықтың негізгі бөлігі осы салада жұмыс жасайды.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Семей қаласының негізі 1718 жылы қаланған. Аумағы 27,81 мың шаршы шақырым. Семей – тек Шығыс Қазақстандағы емес республикадағы мәдени, тарихи орталық болып саналады. Мұнда Абай және Ф.М.Достоевский мұражайлары, Қазақстан мен Батыс-Сібір өлкетану музейі, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы, кітапханалары бар. Қазақтың Абай атындағы сазды-драмалық және Ф.М.Достоевский атындағы орыс драмалық театрлары бар.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Үржар ауданы 1928 жылы құрылған. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Тарбағатай тауларының оңтүстік етегінде орналасқан. Аудан аумағы 23,4 мың шаршы шақырым. Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық құрамындағы 27 ауылдық округте 55 елді мекен бар. Аудан орталығы - Үржар ауылы. Аудан экономикасының негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы.
Көрікті жерлер