Алматы облысы – ертеден Жетісу деп аталатын қазақ жерінің әйгілі өлкесі. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматы облысы 1932 жылдың 20 ақпанында құрылды. Бүгінде әкімшілік орталығы Талдықорған қаласы болып табылады. Талдықорғаннан Астанаға дейінгі ара қашықтық – 1505 км құрайды. Солтүстік және солтүстік-шығысында Балқаш, Сасықкөл, Алакөл көлдерімен, ал оңтүстік және оңтүстік-шығысында Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының (Тянь-Шань тау жүйесіне енетін) жоталарымен шектеседі. Облыста 16 селолық аудан, 3 облыстық және 7 аудандық мақсаттағы қала, 1 кент, 759 ауыл, 1 кенттік және 251 селолық округтер бар. Алматы облысы аймақтық аграрлық бағытқа жатады. Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы - Алматы қаласына жақын орналасуы маңызды фактор болып табылады.
1333465 адам
105000.0 км²
Батысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде - Ұлытаумен, солтүстік-шығысында - Жетісу облыстарымен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.
Қонаев қаласы 61767 адам
Сипаттама:
Іле ауданы Алматы облысының оңтүстік-батысында орналасқан. Оңтүстік-шығысында Балқаш ауданымен, батысында Қарасай мен Жамбыл аудандарымен, оңтүстік- шығысында Алматы қаласының жерлерімен және шығыста Талғар ауданымен шектеседі. Аудан 1928 жылы құрылған. Аудан аумағы 7,8 мың км2. Аудан 10 ауылдық және кенттік округтерден құрылған, 31 елді мекен орналасқан, оның ішінде - 1 кент, 30 – ауыл. Аудан орталығы – Өтеген батыр кенті Алматы қаласынан 3 километр ара қашықта орналасқан. Аудан шаруашылықтары аудан орталығы мен Алматы қаласына республикалық және облыстық маңыздағы жолдар арқылы қатынайды.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Балқаш ауданы Алматы облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және аумағы 37,4 мың мың шаршы шақырымды алып жатыр. Оңтүстік-шығысында Малайсары жоталарынан Балқаш көлінің оңтүстік жағалауына дейін, солтүстігінде – Сарыесікатырау шөлінің бөлігін, оңтүстік-батысында – Тауқұм шөлдері аумағын қамтиды. Әкімшілік орталығы – Бақанас ауылы.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан Республикасының Іле – Алатау аралығының оңтүстік-шығыс бөлігінде теңіз деңгейінен 810 метр биіктікте орналасқан. Жерінің аумағы 8300 шаршы км. құрайды. Аудан 1928 жылы құрылған. Аудан құрамына 25 ауылдық округтері және ауданға бағынышты 1 қала (Есік) кіреді. Аудан орталығы - Есік қаласы, Есік қаласы мен Талдықорған қаласының арасы – 305 км шақырым. Еңбекшіқазақ ауданы - аграрлық аймақ. Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы - Алматы қаласына жақын орналасуы әлеуметтік-экономикалық дамуына зор мүмкіндік туғызады Есік қаласы мен Алматы қаласының арасы – 48 км шақырым).
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Жамбыл ауданы Алматы облысының батыс бөлігінде, Іле Алатауының сілемдерінде оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы 19,3 мың шаршы метрді құрайды. Онда 61 елді мекен орналасқан. Қастек (қазір Жамбыл) ауданы 3 қыркүйек 1928 жылы құрылды. Аудан орталығы Ұзынағаш ауылында 42 107 адам тұрады. Жамбыл ауданы аграрлық бағыттағы аймақтарға жатады. Қазақстанның мәдени-қаржы орталығы – Алматы қаласының жақын орналысқаны өте маңызды фактор болып табылады.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Кеген ауданы Алматы облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталық Кеген ауылы. Ол 2018 жылдың 2 сәуірінде қалпына келтірілді.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Райымбек ауданы– Алматы облысының аумақтық-әкімшілік бөлігі. Ауданның жер аумағы 14,2 мың шақырымды құрайды. Райымбек ауданы 1997 жылы Нарынқол мен Кеген аудандарының біріктірілуінен құрылды. Райымбек ауданы табиғатқа ғана бай емес, тарихы да тереңнен сыр шертеді. Ежелгі сақ дәуірінің, үйсіндер мәдениетінің белгілері қалған Қарашоқы, Таңбалы тас, Тұйық, Ақтастының алтыны, Байынқол мен Шалкөденің көнерген алтын кеніштері, Жібек жолы, Шығу, Құмтекей қаласының орындары бар.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Талғар ауданы– Алматы облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 ж. құрылған. Жер аумағы 3,8 мың км2. Халқы 92,9 мың адам (2004). Аудандағы 58 елді мекен 11 ауылдық округке және 1 қалалық әкімдігіне біріктірілген. Орталығы – Талғар қаласы Аудан Іле Алатауының солтүстік баурайы. Қалада Ұлы Жібек жолында орналасқан ортағасырлық "Талхиз" қалашығының тарихи және археологиялық қазбалары бар.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Қапшағай ауданы Алматы облысының оңтүстік-орталық бөлігінде Қапшағай су қоймасының жағалауында Алматыдан 70 км қашықтықта орналасқан. 1970 жылы Қапшағай ГЭС құрылысы учаскесінде Қапшағай қаласы құрылды. Облыс аумағы 3,65 мың шаршы шақырым. Облыс аумағында 2 ауылдық округ бар, онда 11 елді мекен бар. Облыстық бағыныстағы қала болып табылатын Қапшағай қаласы көлік және географиялық жағынан жақсы орынға ие. Орталық және солтүстік Қазақстан арқылы Ресей мен Еуропа елдеріне, сондай-ақ Алматы облысының солтүстік бөлігімен Қытайға шығу арқылы тау бөктеріндегі байланыстардың шоғырында орналасқан.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Қарасай ауданы облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы 2,0 мың шаршы километрді құрайды. Онда 47 елді мекен орналасқан. Қарасай ауданы 1929 жылы 31 қаңтарда құрылды. Аудан орталығы - Қаскелен қаласы, онда 71 мың адам тұрады. Қаскелең қаласы - Қарасай ауданының әкімшілік-мәдени орталығы. Онда сауда және ойын-сауық, спорттық нысандар (орталық стадион, балалар және жасөспірімдер спорт мектебі), жалпы білім беретін мектептер, жоғары және орта мектептер, арнайы және жоғары оқу орындары, денсаулық сақтау мекемелері, жергілікті мұражайлар орналасқан. Қарасай ауданы аграрлық және өнеркәсіптік бағыттағы аймақтарға жатады. Қазақстанның мәдени-қаржы орталығы – Алматы қаласының жақын орналысқаны өте маңызды фактор болып табылады.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Аудан Алматы қаласының солтүстік-шығыс жағынан 243 шақырымында, ал Талдықорған қаласының оңтүстік-батысынан 365 шақырымында орналасқан. Ұйғыр ауданы 1935 жылғы 9 қаңтардағы ҚАЗЦИК Президиумының қаулысымен құрылды. Оның аумағы ендік бағытта 150 км, меридиандық бағытта 100-60 км созылады. Жалпы ауданы 878,7 мың гектар немесе 8,8 мың шаршы шақырымды құраса, халықтың тығыздығы 1 шаршы шақырымға - 7,2 адамнан келеді. Батыста Ұйғыр ауданы Еңбекші қазақ және Райымбек аудандарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, солтүстігінде Панфилов ауданы және Іле өзенімен шектеседі. Қазіргі кезде ауданда 25 елді мекенде орналасқан 14 ауылдық округтан тұрады.
Көрікті жерлер