Tourism of Kazakhstan

Аймақ туралы

Алматы қаласы

None


1815677 адам

325000.0 км²

Алматы қаласы Алматы облысының аумағында орналасқан және осы облыстың үш ауданымен (Қарасай, Іле және Талғар) шектеседі.

Алматы қаласы
1983465 адам


Сілтемелер



Аудандар


Сипаттама:

Алатау ауданы - Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Аудан 2008 жылы құрылған. 1993 жылы Әуезов ауданына Алатау ауданы қосылып, оңтүстіктен кеңейтілді. 2008 жылы жаңадан құрылған Алатау ауданы Әуезов ауданынан бөлініп, Рысқұлов даңғылынан солтүстікке қарай орналастырылды. Ауданның әкімшілік орталығы «Шаңырақ» ықшам ауданында орналасқан. Алматы қаласының Алатау ауданы келесі аймақтарымен белгіленген: Райымбек даңғылының осінен қаланың батыс шекарасы бойымен Қонаев каналына дейін; Қонаев каналынан қаланың солтүстік шекарасы бойымен солтүстік-шығыс бағытта Бурундай көшесіне дейін, шығыс бағыты бойынша Солтүстік айналма жолының осіне дейін; одан әрі оңтүстікке қарай, Солтүстік айналма жол бағыты бойынша Кудерин көшесінің осі бойынша Райымбек даңғылының осіне қарай; Райымбек даңғылының бойымен батыс бағытта қаланың батыс шекарасымен қиылысу нүктесіне дейін.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Алмалы ауданы – Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Алматы қаласының Сталин ауданы Қақақ өлкелік коммунистік париясы комиссиясы бюросының 1936 жылғы 14 қыркүйектегі шешімімен құрылған. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің 1961 жылғы 9 қарашасындағы Жарлығымен Сталин ауданы Алматы қаласының Совет ауданы болып өзгертілді. Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 1995 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысы және Алматы қаласы мәслихатының VIII сессиясының бірлескен шешімімен Совет ауданы Алмалы ауданы болып өзгертілді. Аудан көлемі – 18,4 шаршы шақырым. Алматы қаласының Алмалы ауданы келесі аймақтарымен белгіленген: Үлкен Алматы өзенінің осі мен Райымбек даңғылы осінің қиылысынан Райымбек даңғылының осімен шығыс бағытта Фурманов көшесінің осіне дейін өтеді; Райымбек даңғылының осінен оңтүстік бағытқа бұрылады және Фурманов көшесінің осінің бойымен Абай даңғылының осіне дейін өтеді; Фурманов көшесінің осінен батыс бағытқа бұрылады және Абай даңғылы осінің бойымен Үлкен Алматы өзенінің осіне дейін өтеді; Абай даңғылының осінен солтүстік бағытқа бұрылады және Үлкен Алматы өзені осінің және Сайран көлі осінің бойымен Райымбек даңғылының осіне дейін өтеді.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Калинин ауданы қала картасында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес Президиумы Өкімімен 1966 жылы 31 қаңтарда пайда болған. Аудан қала аймағына іргелес жатқан жері мен Совет ауданының ұлғаюына байланысты құрылған, ал 1995 жылы 12 желтоқсанында Бостандық ауданы болып өзгертілді. Қазіргі таңда Бостандық ауданының аумағы 9 мың 943,2 гектарды құрайды (2011 жылы 2 мың 776 болған,Булати көшесінің жоғарғы 720 гектар бөлігі қосылды. 2012 жылы-269,1 гектар:Бағанашыл ықшам ауданы шығысы, Булати көшесінің батысы мен Алматы қаласының оңтүстік шекарасы). Бүгінгі күнге тұрғындар саны – 331 706 мың адам. Бостандық ауданы аумағына Қарасай ауданы Үлкен Алматы ауылды аумағының 4 елді мекені қосылды. Ол Алатау ауылы, Ерменсай ауылы, Нұрлытау, Жайлау, Көкшоқы, Алмарасан ауылдары мен Қарғалы ауылының жартысы кірді.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Жетісу ауданы – Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1936 жылы Ленин ауданы ретінде қалыптасты. 1995 жылдың 12 желтоқсанында ол Жетісу деп өзгертілді. Аудан аумағы 39,6 гектар. Алматы қаласының Жетісу ауданы келесі аймақтарымен белгіленген: Кіші Алматы өзенінің бойымен батыс бағытта Райымбек даңғылы бойынша Күдерин көшесіне дейін; Райымбек даңғылы бойымен солтүстік бағытта Күдерин мен Солтүстік айналым көшелері бойынша Бурундайский көшесін жағалай өтетін темір жолдың оңтүстік жағына дейін; Солтүстік айналым көшесі бойымен батыс бағытта Бурундайский көшесін жағалай өтетін оңтүстік жақта темір жолмен қаланың солтүстік-батыс шекарасы қиылысына дейін; одан әрі қаланың солтүстік-батыс шекарасы бойынша солтүстік бағытта, одан әрі шығыс бағытта қала шекарасымен Қапшағай трассасына дейін; қаланың солтүстік-батыс шекарасынан оңтүстік бағытта Қапшағай трассасы бойымен және Жансүгіров көшесінің бойымен Рысқұлов даңғылына дейін; Жансүгіров көшесінен шығыс бағытта Рысқұлов даңғылымен Кіші Алматы өзеніне дейін; Рысқұлов даңғылынан оңтүстік бағытта Кіші Алматы өзенінің бойымен Райымбек даңғылына дейін.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Медеу ауданы - Алматы қаласының элиталы ірі әкімшілік, өнеркәсіпті және мәдени орталығы болып саналады. Аудан 1936 жылдың қазан айында құрылған. Ескі атауы - Фрунзе ауданы. 1995 жылдан бері Медеу деп өзгертілген. Медеу ауданының аумағы 253,4 ш.км құрайды, немесе 37% қала көлемінде. Алматы қаласының Медеу ауданы келесі аймақтарымен белгіленген: Әл-Фараби даңғылынан солтүстікке қарай Фурманов көшесінің шығыс жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бойымен шығысқа қарай Кіші Алматы өзеніне дейін; Кіші Алматы өзенінің шығыс жағымен солтүстікке қарай қала шекарасына дейін; қала шекарасы бойымен қиылысқа дейін Көктөбе шипажайы жолымен Әл-Фараби даңғылына дейін; Әл-Фараби даңғылы бойымен солтүстік-шығысқа қарай Атырау, Думан, Көктөбе, Көктөбе-2, Жаңа-Көктөбе, Бутаковка, Тау-Самал, Медеу шатқалы, Шымбұлақ, Алатау ықшам аудандарын қоса Фурманов көшесіне дейін.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Наурызбай ауданы - Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 2014 жылы құрылған. 2014 жылғы 2 шілдеде Маслихаттың кезектен тыс XXIX сессиясында жаңа Наурызбай ауданын құру туралы шешім қабылданады. Қарасай ауданының Алматы қаласына қосылуы салдарынан Әуезов ауданының территориясының кеңеюі мен тұрғындарының артуы Әуезов және Бостандық аудандарының бір бөлігінен тағы бір сегізінші аудан құру туралы шешім қабылданды. Осылайша, Наурызбай ауданының құрамына 6 967 гектар жер бөлініп, келесі елді мекендер кірістірілді: Жәйлау, Қарағайлы, Құрамыс, Рахат, Қарғалы, Таусамалы, Ақжар, Тастыбұлақ, Таужолы, Шұғыла, Алты Алаш. Бұдан басқа, Қалқаман-1, Қалқаман-2 және Қалқаман-3 аудандары Әуезов ауданынан Наурызбай ауданының құрамына кірді.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Түрксіб ауданы - Алматы қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. 1938 жылы құрылған. Аудан аумағы - 7575,5 шаршы шақырым. Аудан шекарасы: Қапшағай тас жолының шығысынан қаланың солтүстік-шығыс шекарасы бойымен және қаланың шығыс шекарасы бойымен оңтүстік бағытта Рысқұлов даңғылының осіне дейін; қаланың шығыс шекарасы бойымен батыс бағытта Рысқұлов даңғылы осінің бойымен Жансүгіров көшесі осіне дейін; Рысқұлов даңғылы осінен солтүстік бағытта Жансүгіров көшесі осінің бойымен және Қапшағай тас жолы осінің бойымен қаланың солтүстік шекарасына дейін.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Әуезов ауданы - Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1972 жылы 10 наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен құрылды. Аудан аумағы – 23,5 шаршы км. Алматы қаласының Әуезов ауданы келесі аймақтарымен белгіленген: Қарғалы өзенімен Райымбек даңғылы осінен шығыс бағыттағы Райымбек даңғылы осінің бойымен Үлкен Алматы өзенінің осіне дейін; Үлкен Алматы өзенінің осімен Райымбек даңғылының осі оңтүстік бағытқа қарай бұрылып, үлкен Алматы өзенімен өтіп, Сайран өзені осінің бойымен және Үлкен Алматы осі бойынша Тоқтабаева көшесінің осіне жетеді; Тоқтабаева көшесінің қиылысынан және ү.Алматы бағытына бұрылып, батыс бағыттағы Новои көшесіне дейін өтеді; Новои көшесінің қиылысынан Тоқтабаева осімен оңтүстік бағытқа бұрылып, шығыс бойымен Рысқұлбеков көшесінің осімен өтеді; Рысқұлбеков көшесі қиылысынан шығыс бағытқа қарай Новоиға бұрылып, батыс бағыттағы Саин көшесімен өтеді; батыс бағыттағы Саин мен Рысқұлбеков қиылысы оңтүстік бағытқа бұрылып, Асқров көшесінің осімен өтеді; Асқаров көшесі осінің қиылысымен батыс бағыттағы Саин көшесі батысқа бұрылған бойымен, Асқаров көшесінің осімен өтіп, оңтүстік бағыттағы Карменов көшесінің жартысы Рахат ауылының оңтүстіктегі оңтүстік-батыс Таугүл ықшамауданымен шекараласады; оңтүстік-батыстан Таугүл-3 ықшамауданы Центральная көшесінің қиылысына дейін өтіп, Центральная көшесі солтүстікке бұрылып, Жандосова көшесімен қиылысады; Центральная көшесінің қиылысынан бастап, солтүстік –батыс шекарасы Таугүл-3 ықшамауданының шекарасымен өтіп, оңтүстікке қарай Жандосов көшесімен батыс бағыттағы Қарғалы өзенінің шығыс жағымен қиылысады. Мұнда 1 саябақ, 6 сквер, 1 серуен жолы, 4 бөлікті жолақ бар. Су қорында 1 өзен(жалпы аумағы 5,4км жетеді) және 1 «Сайран» суқоймасы (батыс жақта Абай мен Төле би көшесінде 17 га.алаңда) 5 көпір, 5 субұрқақ бар.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту