Tourism of Kazakhstan

Аймақ туралы

Павлодар облысы

Павлодар облысы - Қазақстанның ең үлкен өзені Ертістің жағасында орналасқан. 1938 жылдың қаңтарда құрылды. Облыс орталығы - Павлодар қаласы. 1956 жылдан бастап, Павлодар тың және тыңайған жерлерді игеру орталықтарының бірі болды. Тың көтеру нәтижесінде егістік аумақтары он есе өсті. Көмір өндіру және тың жерлерді игеру Павлодар облысының өндіргіш күштерін дамытуға қуатты серпін берді. 1949 жылдан 1962 жылға дейін Павлодар облысының оңтүстік аймағы Семей ядролық сынақ полигонының бөлігі болды. Аймақтың қолайлы экономикалық-географиялық орналасуы, ресурстарға байлығы, көлік бағыттарының, Ертіс-Қарағанды каналының болуы 1957 жылы Павлодар-Екібастұз аумақтық-өндірістік кешеннің пайда болуына ықпал етті. Екібастұздың арзан көміріне негізделген энергетикалық база құрылды және жаңа өндірістер дамыды: қара және түсті металлургия, машина жасау, алюминий, мұнай өңдеу және химия. Павлодар облысының климаты тым континенттік болып келеді, қысы суық әрі ұзақ (5,5 ай), жазы ыстық және қысқа (3 ай).


749516 адам

124800.0 км²

солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Абай және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен

Павлодар қаласы
339153 адам


Сілтемелер



Аудандар


Сипаттама:

Ақсу қаласы Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан. Шектес аудандар - Ақтоғай, Павлодар, - Аққулы, Май, Екібастұз қалалық аймақтар, сондай-ақ Баянауыл ауданының кішкене бөлігі. Ақсу қаласы аймағының құрылымына: Ақсу поселкесі; 3 ауыл - Алғабас, Үштерек және Қалқаман; 11 ауылдық округтер - Айнакөл, Ақжол, Достық, Евгеньев, Еңбек, Жолқұдық, М. Омаров атындағы, Құркөл, Қызылжар, Пограничный, Сарышығанақ кіреді. Әкімшілік орталығы - Ақсу қаласы, облыс орталығынан қашықтығы 50 км. 1961 жылғы 23 қазанда негізі қаланған.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Павлодар облысының солтүстік-батыс бөлігінде Ақтоғай ауданы орналасқан. Ол 1938 жылы құрылған, ал 1963 жылы Краснокуткий деп аталған. 1993 жылы облыс пен оның орталығына тарихи аты оралды. Бүгінгі күні ауданның әкімшілік орталығы Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан Ақтоғай ауылы. Бұл елді мекеннің тарихы 1907 жылы басталды. Шаруалар осы жерлерге келіп, құнарлы жерлі жаңа аумақтарды меңгере бастаған. Ақтоғай жері Кеңес Одағының Батыры Муткенов Серікбайдың, және де жергілікті тұрғындар мақтаныш ететін Социалистік Еңбек Ерлері Қали Каленов пен А.А. Ахмединовтың туған жері. Мұнда халық әншісі, композитор, ақын - Естай Бірқымбай туып-өскен.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Аққулы ауданы Павлодар облысының Оңтүстік-Шығыс бөлігінде орналасқан. 1939 жылы негізі қаланған. Ауданы 8,1 мың км. Әкімшілік орталығы - Аққу ауылы. Аудан солтүстігінде Павлодар мен Шарбақты аудандарымен, шығысында - Алтай өлкесімен, оңтүстігінде - Шығыс Қазақстан облысымен, батысында – Ерт– Ертіс өзенімен шектеседі . Аймақтың климаты күрт континентальды. Қаңтардың орташа температурасы -17o-18oС, шілдеде + 20o + 21oС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-300 мм құрайды. Аудан аумағы бетегелі өсімдігі бар жай толқынды жазық жерлерден тұрады, тұзды көлдер саны өте көп. Оңтүстік-шығыста жолақты қарағай ормандары бар. Бұл жерде үйеңкі, боз тал, қандағаш, көктерек, қайың, терек, қарағай және басқа да ағаш түрлері кездеседі. Шөп түрлерінен жусан, бетеге бар. Ертіс өзені алқабы қоғалы жаға болып табылады. Қасқыр, қоян, суыр, сарышұнақ, аламан секілді аң түрлері мен үйрек, қаз секілді құстар мекендейді.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Баянауыл ауданы - Павлодар облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік аудан. 1928 жылы құрылған. Ауданы 18,5 мың км2. климат - ( C +35 дейін) ыстық жаз және суық қыс ( C -34), күрт континенталды. Орташа жылдық жауын-шашын 270-277 мм. Аудан таулы және тегіс. Аудан аумағының негізгі бөлігі - Сарыарқаның солтүстік-шығыс таулары. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 35 демалыс үйлері бар, соның ішінде Жасыбай көлінде– 28, Сабындыкөл көлінде – 5, Торыайғыр көлінде – 2 үйлер және жату орнын, қайық, қатамаран, экскурсияға арналған автобустар, жазғы кезеңдегі мәдени шаралары бар 2 балалар лагері бар. Қазіргі уақытта, ұлттық паркте 37 археологиялық ескерткіштер, табиғи ескерткіштер және көрсету орындары орналасқан. Туризмді дамыту үшін парк аумағында 11 туристік маршруттар және 1 ботаникалық маршрут әзірленген.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Екібастұз қаласы Қазақстан Республикасының Павлодар облысында орналасқан. Қазақстандағы ең ірі көмір кен орны. Көмірдің жалпы геологиялық қорлары шамамен 10 млрд.т. Екібастұз қаласының қонысы 1898 жылы құрылған. 1954 жылы алғашқы көмір шахтасының жұмысы басталды. Облыстық маңызы бар қаланың мәртебесі Екібастұзға 1957 жылдың 12 маусымында берілді. Облыстың аумағы - 18,9 мың шаршы шақырым. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы халық саны 143897 адамды құрады.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Ертіс ауданы - Павлодар облысының солтүстік-батыс бөлігіндегі екінші деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірлік. Ауданның әкімшілік орталығы Ертіс ауылы. Солтүстігінде Омбы облысымен, батысында - Солтүстік Қазақстан облысымен, оңтүстігінде - Ақтоғай ауданымен, ал шығыс шекарасы Ертіс өзенімен шектеседі. Аудан аумағы Ертіс жазығының солтүстік бөлігін алып жатыр. Көптеген көлдер (Қызылқақ, Жалаулы, Табылғысор және басқалары) бар. Негізінен, көлдер тұзщы, ұсақ тұзды және ол тағамға жарамды. Топырағы қара, сортаң, сонымен қатар сұр, сұрғылт – сары реңктегі құм, супес пен балшық түрінде де келеді. Ауданда Ертіс өзені алқабында орналасқан шығанақты шалғындар бар. Пайдалы қазбалардың ішінде алебастр кезедеседі.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Железин ауданы Қазақстанның Павлодар облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Әкімшілік орталығы - Павлодар қаласынан 177 шақырым жерде орналасқан Железинка ауылы. Солтүстікте Омбы облысымен, солтүстік-шығысында - Новосібір облысымен, оңтүстігінде Тереңкөл ауданымен, шығысында - Ертіс ауданынан Ертіс өзенімен бөлінеді. Железин ауданы Ертіс жазығы аумағында орналасқан . Аудан аумағы жазық жер болып келеді, онда саздар мен көлдер тұнып қалған бітеу ойпаттар көп. Аудан территориясында Жарағаш, Айлақ және т.б. көлдер бар, Ертіс өзені ағып өтеді. Жер қойнауында табиғи құрылыс материалдары бар. Топырақ көбінесе қара, кейде сортаң түрі де кездеседі.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Павлодар ауданы Павлодар облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 1928 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы - Павлодар қаласы. Ауданы 6,1 мың шаршы км. Аудан облыстың бес ауданымен шектеседі: солтүстік - батысында - Ақтоғай, солтүстігінде - Қашыр, солтүстік - шығысында - Успен, оңтүстігінде - Аққулы, батысында - Ақсу қаласының ауылдық аймағымен. Аудан аумағының жер бедері жазық, теңіз дәрежесінен 130 метр орташа биіктікте және шағын көл ойпаттары мен Ертіс өзенінің алқаптары түріндегі кейбір төмендеулері бар. Топырақ жамылғысы қою қызғылт, ал кейбір жерлерде - сортаң. Климатты тым континенттік, бірақ Ертіс өзені жақын болғанына байланысты жұмсақ, қаңтар айының орташа температурасы -18 º19 ºС, шілдеде+ 21º + 23ºС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері - 272 мм.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Павлодар қаласының тарихы 1720 жылдан бастау алады, дәл осы кезде Ертіс өзенінде Коряковский форпосты пайда болған. 1838 жылы Коряков бекеті деп ауыстырылды, ал 1861 жылдың сәуір айында Коряков «Павлодар деп аталатын штаттан тыс қала» мәртебесін алды. Павлодар - Қазақстанның солтүстік-шығысында, Астана қаласынан 450 км солтүстік-шығысында және Ресейдің Омбы қаласынан 405 км оңтүстік-шығысына қарай, Ертіс өзенінің бойында орналасқан қала. Павлодар қаласы Павлодар облысының әкімшілік орталығы физика-географиялық тұрғыдан алғанда, Батыс Сібір жазығында орналасқан.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Тереңкөл ауданы Павлодар облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Әкімшілік орталық - Тереңкөл ауылы. Солтүстік-батыста Железин ауданымен, солтүстік-шығысында - Новосібір облысының Қарасуық ауданымен, шығысында - Успен ауданымен, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында - Павлодар ауданымен шекаралас. Батыста ауданның табиғи шекарасы - Ертіс өзені. Аудан аумағы арқылы Павлодар-Омбы, Теренкөл-Купино жолдары өтеді. Пайдалы қазбалардың ішінде глауберлік және ас тұзының, кірпіш, жабынғы жасауға қажет балшықтың кен орындары бар.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Успен ауданы Павлодар облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 1935 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы - Успенка кенті. Солтүстігінде және солтүстік-батысында Тереңкөл ауданымен, батыста және оңтүстік-батысында - Павлодар ауданымен, оңтүстік-шығысында - Шарбақты ауданымен, солтүстік-шығысында - Алтай өлкесімен шектеседі. Жер беті тегіс. Топырағы қызғылт. Аудан жер қойнауында ас тұзының, табиғи құрылыс материалдарының қоры бар. Үлкен және Кіші Тауылжан көлдерінде бар тұз қорларының өндірістік мәні зор.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Шарбақты ауданы Қазақстанның Павлодар облысының шығыс бөлігінде орналасқан. 1967 жылы құрылған. Аудан көлемі 6,9 мың шаршы км құрайды. Әкімшілік орталық - Шарбақты ауылы. Климаты жазда жоғары және қыста төмен температура, күрт континенталды. Қаңтардағы орташа температурасы -18o-19o C шілдеде + 20o + 21C болып табылады. Шарбақты ауданының тарихы 1928 жылы басталады,дәл осы кезде Павлодар округінің құрамында Вознесенское ауылы аудан орталығы болып табылатын Володарский ауданы құрылған. 1928 жылғы 23 маусымда Володарский ауданы Цюрупинский деп өзгертілді. 1930 жылғы 17 желтоқсанда Павлодар округінің таратылуына және аудандық бөлінудің енгізілуіне байланысты Цюрупинский ауданы 1929 жылы шекарада бекітілді, оның орталығы Цюрупинское ауылы, ал 1931 жылы 22 мамырда - Шарбақты ауылы болды.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту