Tourism of Kazakhstan

Аймақ туралы

Атырау облысы

Атырау облысы 1938 жылдың 15 желтоқсанында құрылған. Облыстың жер қойнауында қалың шөгінді қабаттармен байланысқан әр түрлі пайдалы қазбаларға мол. Олардың ішінде қоры аса бай әрі негізгісі мұнай болып табылады. Мұнай-газдан басқа пайдалы қазындылар ішінен облыс экономикасы үшін маңыздылары ретінде борат және борат тұзды кендерді, ас тұзын, калийлі, магнийлі жыныстарды атауға болады. Құрылыс индустриясы шикізаттарынан бор, бор-мергельді жыныстар,гипс, ангидрит, сазды, кұмды әктастар, сондай-ак битуминозды жыныстар (кирлер) мен тұщы және минералды су көздері бар. Борат кені дүние жүзінің бір-ак жерінен, тек Атырау облысының қойнауынан ғана табылып отыр. Сондай-ақ күкірт, құм-қиыршық тас қосындылары, отқа төзімді керамзит және кірпіштік саздар, ұлутас, шипалы балшық, қоңыр көмір мен минералды бояулар жасауға жарамды саз шөгінділері бар. Облыс экономикасы алға қарай әртараптандыру үшін әлеуеті бар мейлінше үйлесімді дамыған өңірлердің бірі болып табылады. Кедендік одақ аясында, сондай-ақ Ресейдің ірі өнеркәсіптік өңірлеріне (Самара, Саратов, Орынбор, Астрахан) жақын орналасуы есебімен одан әрі дамытудың зор мүмкіндіктері бар. Мұнайхимия, машинажасау, тамақ өнеркәсібі және құрылыс индустриясы дамыған.


618328 адам

118631.0 км²

солтүстікте және солтүстік-шығысында - Қазақстанның Батыс Қазақстан облысымен; батысында - Ресейдің Астрахань облысымен; шығысында - Қазақстанның Ақтөбе облысымен; оңтүстігінде - Қазақстанның Маңғыстау облысы және Каспий теңізімен.

Атырау қаласы
235175 адам


Сілтемелер



Аудандар


Сипаттама:

Атырау — Атырау облысының әкімшілік орталығы, Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған. Климаты қатты континенталды, жазда құрғақ, ыстық, ал қыста ылғал қармен сипатталатын салқындық. Жазы жауын-шашынсыз, құрғақ, ыстық ұзаққа созылады. Қыс мезгілінде қар аз жауып, суық болады. Атырау қаласы ендігі 47, -07 С., ұзақтығы 51-53 болатын жазы ұзақ, қысы қысқа күндермен сипатталады. Ең төменгі температура -380С, ең жоғары температура +450С. Атырау қалалық әкiмшiлiгінің құрамында 1 қала, 2 кенттiк әкімшілiк (Балықшы, Жұмыскер), 7 ауылдық аймақ (Ақсай, Атырау, Геолог, Дамбы, Еркiнқала, Кеңөзек, Қайыршақты), 28 елдi-мекен бар.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Жылыой ауданы– Атырау облысының шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы батыр әрі бидің атымен аталған Құлсары қаласы. Жер аумағы 29,4 мың км². Тұрғыны 70 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 2,4 адамнан келеді. Аудан аумағындағы 23 елді мекен, 1 қалалық, 6 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Аудан жерінің басым бөлігін Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Аудан жерінің теңіз деңгейінен биіктігі шығыстан батысқа қарай 221 м-ден –26 м-ге дейін аласарады.Ауаның орташа температурасы қаңтарда –8,8°С, шілдеде 25,8°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 140 – 150 мм аралығында.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Индер ауданы — Атырау облысының солтүстігіндегі әкімшілік бірлік. Аудан 1933 жылы құрылған. Аудан орталығы – Индербор кенті. Жер аумағы 10,9 мың км2. Тұрғыны 30,7 мың адам. Құрамында 1 кенттік, 6 ауылдық әкімшілігі округі және оларға қарасты 21 ауыл бар. Аудан орталығы Индербор кенті. Индер ауданының Атырау облысындағы өнеркәсіпті және ауыл шаруашылықты аудандардың бірі. Индер ауданының климаты тым континенттік: қысы біршама жылы, жазы өте ыстық. Қаңтарда ауаның орташа температурасы 12,3°С, шілдеде 25,3°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм шамасында.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Исатай ауданы – Атырау облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс Аудан 1928 жылы құрылды. Жер аумағы 14,7 мың км². Тұрғыны 26,4 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,6 адамнан келеді. Аудандағы 25 елді мекен 6 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Аудан орталығы – Аққыстау аулы. Аймақ жері - жазық, Каспий жағалауына орналасқан, шөлейтті, жазық, топырақтың қабаты тұзды, сортаң, құрғақ. Аудан аумағының Еуразия құрлығына ішкерлей еніп жатуы ауа райының тым континенталдығын калыптастырды: қысы салқын, жазы ұзак та ыстық болып келеді. Өсімдіктердің өсіп-өнетін кезеңінде жауын-шашын аз түседі 70-115 мм, ал бүкіл жыл бойында 150-205 мм.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Махамбет ауданы - Атырау облысының орталық бөлігінде орналасқан аудан. Орталығы-Махамбет ауылы. Облыс орталығынан 70 шақырым жерде «Атырау-Орал» күре жолының бойында орналасқан. Ауданға 10 ауылдық округ, 23 елді мекен қарайды. Аудан аумағы 9,6 мың шаршы шақырым. Жер беті тегіс. Топырақ - қара түсті, құмды. Махамбет ауданының аумағы Жайық өзені арқылы өтеді. Махамбет 1928 жылы құрылған. Махамбет елді мекені - бұрынғы Яманка немесе Яманхалинский. Сарайшық Махамбет ауданының аумағында орналасқан. 1963 жылға дейін аудан Бақсай деп аталды


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Мақат ауданы — Атырау облысының орталық аумағындағы әкімшілік бөлік. 1938 жылы құрылған. Жер аумағы 4,9 мың км². Халқы 29,8 мың адам. Құрамында 6 кент бар. Орталығы — Мақат кенті. Ірі мұнай кен орындарына Бекбике, Қошқар, Сағыз, Мақат, Доссор, Таңатар, Байшонас, Комсомол, Ескене, Қарсақ, Ботақан, т.б. жатады. Мақат ауданының климаты тым континенттік және құрғақ; қысы біршама суық (қараша — наурыз айларында). Ауа райының орташа температурасы қаңтарда –10°С (кейде –35 — 40°С-қа дейін төмендейді), шілдеде 25°С (кейде 40°С-тан да жоғары). Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 — 175 мм. Тымық күндер аз. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 — 5 м/с, қатты желдер де (10 — 15 м/с-қа дейін) болып тұрады.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Қызылқоға ауданы — Қазақстан Республикасына қарасты Атырау облысының ауданы. Әкімшілік орталығы — Миялы ауылы. Ауданның территориясы 24,9 мың шаршы км. Жер рельефі — тегіс. Жер бедері біршама күрделі: солтүстік-шығыс бөлігін көлбеу жазық (теңіз деңгейінен 10 — 150 м биіктікте), оңтүстік-батысының кіші бөлігін Каспий маңы ойпаты алып жатыр. Климаты тым континенттік, қысы біршама суық, қары аз, жазы ыстық және құрғақ. Ауа райының орташа температурасы қаңтарда –12°С (кейде –40°С -ге дейін төмендейді), шілдеде 25,4°С (кейде 43°С -ге дейін ысиды). Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 200 мм. Аудан аумағы құмды сұр, сортаң, сор топырақты.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту

Сипаттама:

Құрманғазы ауданы — Атырау облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлік. Аудан 1928 жылы құрылған. Жер көлемі - 20,8 мың км2. Халық саны шамамен 58 мың адам. Аудан құрамында 19 ауылдық округ, 1 кент, 49 ауылдық елді мекен бар. Орталығы — Құрманғазы (бұрынғы аты - Ганюшкин) ауылы. Кен байлықтарынан мұнай мен газ, құрылыс тастары, қиыршық тас, әктас, кірпіш құятын саз балшық бар. Климаты — қатаң континенттік, қаңтардың орташа температурасы –8°С, шілденікі +21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 — 150 мм.


Көрікті жерлер

Ауданның көрнекті орындарына өту