Шығыс Қазақстан облысы – Қазақстанның шығыс бөлігінде орналасқан, Ресей және Қытаймен шекарасында. 1932 жылдың наурызында құрылған. Шығыс Қазақстан аумағы 283,23 мың кв.км, Қазақстанның барлық аумағының 10% дан көптеу бөлігін құрайды. Әкімшілік орталығы - Өскемен қаласы. Облыс құрамына 15 аудан және 6 қалашық кіреді. Шығыс Қазақстанда өнеркәсіптің Қазақстан республикасы бойынша, дамыған бір аймағы болып табылады.Экономикалық базаның өсуі түсті металл болып табылады, сонымен қатар машина жасау және металл өңдеу, энергетикалық, орманды жане ағаш өңдіру, жеңіл тағам өнеркәсіптері дамыған. Қалыптасқан базалық мамандануымен қатар, облыс бірегей туристік әлеуетке ие. Туризмді дамыту аймақтарының негізгі басымдылықтары анықталған, соған сәйкес облыс өңірлері: Зырян, Үржар, Күршім, Ұлан аудандары – жағажай туризміне; Риддер қ., Глубокое, Зырян аудандары – тау шаңғысы, спорт және жаяу туризміне; Өскемен қ., Семей қ., Абай, Тарбағатай, Ұлан, Катонқарағай, Зайсан аудандары – тұрмыс-салт, мәдени-танымдық туризмге; Күршім, Ұлан, Көкпекті, Тарбағатай аудандары – аң аулау туризміне; Риддер қ, Күршім, Катонқарағай аудандары – ауыл туризміне; Риддер қ., Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха, Көкпекті, Глубокое, Ұлан аудандары, Семей қ. – экология туризміне; Катонқарағай, Үржар аудандары, Өскемен қ. – емдеу-сауықтыру, медицина туризміне; Курчатов қ. – техногендік туризмге мамандандырылған.
712153 адам
116316.0 км²
солтүстікте – Алтай өлкесі және Алтай Республикасымен, шығысында – Қытайдың Синьцзян-ұйғыр автономдық ауданымен, оңтүстігінде – Қазақстанның Алматы облысымен,батыста – Қазақстанның Абай облысымен,солтүстік-шығысында.
Өскемен қаласы 335683 адам
Сипаттама:
Глубокое ауданы 1964 жылы 31 жетоқсанда құрылды.Аудан тиімді географиялық аумақта орналасқан.Ол Шемонайха, Ұлан және Зырян аудандарымен, Өскемен және Риддер қалаларымен шекаралас. Көлемі - 7,3 шаршы км. Әкімшілік құрамында 12 ауылдық және 4 кенттік округ бар. Әкімшілік орталығы - Глубокое кенті, облыс орталығынан қашықтығы (Өскемен қ.) 27 км. Аудан аумағынан республикалық маңызы бар автомобиль трассалары мен темір жол өтеді.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Зайсан - Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік аудандарының бірі, облыстың оңтүстік – шығысындағы – Сауыр мен Тарбағатай тауларының солтүстік сілемдерімен, Зайсан қазан шұңқырының оңтүстік жағы мен Қара Ертіс өзенінің солтүстігіне дейін созылған алқапта орналасқан өңір. Батысында – Тарбағатай, солтүстігінде – Күршім аудандарымен, шығысымен мен оңтүстігінде – Қытай Халық Республикасының Синьцзян өлкесімен шекаралас орналасқан. Әкімшілік бірлік ретінде 1928 жылы Семей облысының құрамында құрылған. Ауданның жер көлемі : 1 миллион 43 мың гектар. Өлкеге 42 ірі елді – мекен қарайды. Сондай – ақ, Зайсан қаласының әкімшілігі мен 8 ауылдық әкімшілік қамтылған. Зайсан қаласы – ауданның әкімшілік орталығы болып саналады. Аудан - ауыл шаруашылығына бағытталған.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Зырян ауданы Шығыс Қазақстан облысының солтүстiк -шығысында орналасқан, солтүстiк пен солтүстiк-батыста Риддер қаласының аумағымен, солтүстiк -шығыста және шығыста Ресей федерациясымен (Алтай өлкесi), оңтүстiк-шығыста Катон-Қарағай ауданымен, солтүстiк-батыс шекарасы Ұлан ауданымен, батыста -Глубокий ауданымен шектеседi. Ауданның құрылу уақыты- 1977 жылдың 23 мамыры. Аудан аумағы 10,5 мың шаршы км тең. Зырян ауданының аумағында екі қала орналасқан: Зырян және Серебрянск; 4 кент: Прибрежный, Зубовск, Жаңа Бұқтырма; 9 ауылдық округ: Малеевск, Северное, Средигорный, Чапаев, Парыгино, Никольск, Соловьево, Первороссийск, Тұрғысын. Аудан орталығы – Зырян қаласы, облыс орталығы – Өскемен қаласынан 164 километр қашықтықта орналасқан. Аудан - ауыл шаруашылығына бағытталған.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Катонқарағай ауданы 1928 жылы 1 тамызда құрылған. Аудан облыс аумағының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан солтүстік және солтүстік-шығыста Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен, оңтүстік-шығыста Қытай Халық Республикасымен, оңтүстікте Күршім ауданымен, солтүстікте-Зырян ауданымен шекаралас, ал батыста Бұхтарма бөгенінің суымен шектесіп жатыр. Аудан аумағы 13167 кв. км (1319075 га). Әкімшілік орталығы болып, облыстың орталығы Өскемен қаласынан 263 км қашықтықта орналасқан Большенарым селосы табылады. Аудан 13 ауылдық округтан тұрады. Аудан ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейді.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Күршім ауданы 1927 жылы құрылған. Аудан Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті, Катон-Қарағай аудандарымен және Қытай Халық Республикасымен шекараласады. Ауданның аумағы 23,2 шаршы километрге тең. Ауданның әкімшілік-территориялық құрылымы 12 ауылдық округ немесе 61 ауылдық елді мекеннен тұрады. Әкімшілік орталығы Күршім ауылы облыс орталығынан 220км қашықтықта орналасқан.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Риддер қаласы 1786 жылы кент ретінде қаланды және кен орындарын бірінші ашқан тау инженері Филипп Риддердің есімімен осылай аталған. Риддер қаласы Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан, әкімшілік аумағы Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен шекараласады. Аумағы 3,4 мың шаршы км (Шығыс Қазақстан облысы аумағының 1,2%). Риддер қаласы – Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік өңірі. Аймақ экономикасының негізі тау-кен өндіру өнеркәсібі, металлургия және машина жасау саласы болып табылады.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Тарбағатай ауданы 1928 жылы құрылды. Аудан Шығыс-Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында Тарбағатай тау жоталары мен Зайсан шұңқырының аралығында орналасқан. Аудан шығыста Зайсанмен, батыста Үржар мен Аягөз, солтүстікте Көкпекті және Жарма аудандарымен шекаралас. Ауданның оңтүстігінен ұзындығы 300 км болатын, ҚХР –мен мемлекеттік шекара өтеді. Аудан аумағы 23,8 мың кв. км-ге тең. Ауданда барлығы 65 елді мекен бар. Ауданның әкімшілік орталығы-Ақсуат селосы. Ақсуат селосы мен облыстық орталықтың ара қашықтығы 350 км, Аягөз, Жанғыз төбе теміржол станцияларына дейін 220-350 км, Тұғыл кеме айлағына дейін 270 км.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Шемонаиха ауданы 1928 жылы құрылған, Шығыс Қазақстан облысының солтүстiгiнде орналасқан. Глубокий және Бородулиха аудандарымен және Ресейдiң Алтай өлкесiмен шектеседi. Ауданның аумағы 4 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр. Ауданда 11 әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк, оның iшiнде 8 ауылдық округ, 2 кенттiк және 1 қалалық округ. Әкiмшiлiк орталығы Шемонаиха қаласы болып табылады. Ауданның базалық салалары – тау кен өндiру саласы және ауыл шаруашылығы.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
1928 жылғы 17-қантарда Ленин, Тарғын, Ұлан болыстары мен Өскемен уезіне қарасты Пролетар болысының бір бөлігі есебінен құрылған. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы 9610 шаршы метр. Аудан 13 ауылдық округ, 3 кент, 47 елді мекеннен тұрады. Ауданның әкімшілік орталығы - Қасым Қайсенов кенті, ол облыс орталығынан 10 километр қашықтықта орналасқан, ең жақын теміржол станциясына дейін 15 километр.
Көрікті жерлер
Сипаттама:
Өскемен қаласы мемлекет шекарасын нығайту және Ертістің жоғарғы жағындағы алтын кен орындарын барлау мақсатында Петр I жарлығымен 1720 жылы «Өскемен» бекінісі ретінде құрылған. Өскемен Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54,4мың га жерді алып жатыр. Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы аумағында базалық салалар (металлургия өнеркәсібінің өндірісі - қаланың жалпы өнімінің 64% -ы, электр энергиясын, жылу, газ және суды өндіру және бөлу - 7,3%, машина жасау - 19, 9%) шоғырландырылған. Өскемен қаласында қала тұрғындары және қала қонақтары үшін қызығушылық тудыратын 17 туристтік нысан орналасқан.
Көрікті жерлер